Құтқарушылардың еңбекақысы 70 пайызға дейін көтеріледі

14 Ақпан 2023, 13:41 919

Мемлекет басшысы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.

Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі.

Бөлісу: