04.01.2023
12:32
2068
Құтқарушылар жолда қалып қойған жолаушыны қар құрсауынан шығарды

Құтқарушылар жолда қалып қойған жолаушыны қар құрсауынан шығарды

Құтқарушылар жолда қалып қойған жолаушыны қар құрсауынан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылғы 3 қаңтар күні 19 сағат 20 минутта «Самара-Шымкент» тас жолының 1091 шақырымында  «Chanse» маркалы жеңіл автокөлігі бұзылып, 1 жолаушы жолда қар құрсауында қалып қойғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. 

Нәтижесінде құтқарушылар күшімен аталған автокөлік 1053 шақырымдағы «Айнагүл» кемпигіне жеткізіліп, 43-жастағы ер адам құтқарылды.