Құтқарушылар төрт туристке ағыны күшті өзеннен өтуге көмектесті

18 Тамыз, 02:26 484

Үлкен Алматы шатқалында 4 адамнан тұратын 17-21 жас аралығындағы топ Японская дорога маршрутымен жүрген болатын. Бірақ кешке жақын уақытта адасып Үлкен Алматы өзенінің жағасына келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Артқа қайтуға күштері таусылып, ал өзеннен өтуге арнайы жабдығы болмағандықтан, жастар құтқарушыларды шақырды.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары альпинисттік жабдықтардың көмегімен туристтерді өзеннен өткізіп, аман-есен қалаға жеткізді. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Перизат Саденова
Бөлісу: