16.11.2025
18:01
500
Құтқарушылар тікұшағы нәрестеге көмекке келді

Құтқарушылар тікұшағы нәрестеге көмекке келді

Қазавиақұтқару ұшқыштары Сергей Пинигин және Азамат Кабден ТЖМ әуе кемесінде санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева және Лариса Величкомен бірге жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскемен қаласына шұғыл тасымалдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ұшу сәтті өтті. Медициналық және авиациялық қызметтің жеделдігі мен жоғары кәсібилігінің арқасында кішкентай науқас қажетті емдеу және бақылау үшін облыстық медициналық мекемеге уақтылы жеткізілді.