Құтқарушылар тауда жарақат алған бойжеткенді эвакуациялады

31 Тамыз, 12:27 586

Алматы облысының Қарасай ауданында 1999 жылы туған бойжеткен аяғынан жарақат алып, өздігінен таудан түсе алмай Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жәбірленушіге жаяу жетіп, медициналық көмек көрсетіп, оны 4,5 шақырым жер алдымен қолдарында ұстап, кейін зембілмен автожолға дейін жеткізді.

Осылайша таудың етегіне түсіргеннен кейін құтқарушылар туристі ауруханаға одан әрі тасымалдау үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады, - делінген мәліметте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: