Құтқарушылар Ресей Федерациясының азаматтарын қар құрсауынан эвакуациялады

6 Қаңтар 2023, 09:32 1532

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Шемонаиха ауданында "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа райының кепіліне алынды.

Оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын  "ТРЭКОЛ" автокөлігімен келді. Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Адамдар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылытуды ұйымдастырған.
Қазіргі уақытта өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр.

ШҚО ТЖД азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша барлық сапарларды тоқтатуды сұрайды.Тәуекелге бармаңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Аймақта 06 қаңтарда дауылдық туралы ескерту жарияланған: түтек боран, көктайғақ.
Ауа-райы туралы "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.

EL.KZ
Бөлісу: