25 қазан - Республика күніне орай Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері дәстүрге сай Үкіметтік символдар тауына көтерілді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Құтқарушылар 500-ден астам қадам мен 250 метрден аса биіктікті еңсеріп, Қазақстан Республикасының Туын алып өтті және салтанатты шеру ұйымдастырды.
Шоқының басында Мемлекеттік гимн шырқалып, қатысушылар елге деген мақтаныш пен патриоттық рухты сезінді.
Іс-шара барысында қызметінде жоғары кәсібилік танытқан және ерекше нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. Оларға алғашқы және кезекті арнайы атақтар берілді.
Бұл дәстүрлі шара құтқарушылардың елге деген адалдығы мен қызметтік парызына деген жауапкершілігін айқындай түсті.