14.06.2025
16:01
1564
Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды

Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды

Бүгін күндіз елордада Сарыарқа ауданындағы бес қабатты көп пәтерлі үйлердің бірінде 5-қабаттағы пәтердің терезесінің алдында бір қыз тұрып, секіріп кетумен қорқытқаны туралы дабыл келіп түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құтқарушылар Жакенов Жасұлан және Өмірзақов Қадырдың жедел әрекет етуінің нәтижесінде АКП-54 автокөтергішін қолдану арқылы қыздың секіру әрекетінің алдын алу мүмкін болды.

Қызға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ол «103» жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.