26.07.2025
19:42
491
Құтқарушылар Қарағандыда төтенше жағдайдың алдын алды

Құтқарушылар Қарағандыда төтенше жағдайдың алдын алды

Бүгін Қарағанды қаласындағы Космонавттар көшесінде орналасқан автогаз құю станцияларының бірінің аумағында жеңіл автокөліктің газ жабдығынан газдың сыртқа шығу жағдайы тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Анықталғандай, бұл жағдайға газ редукторының ақауы себеп болған. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде газдың таралуы толықтай жойылды.

ТЖМ бұл ретте тұрғындарға газдың иісі немесе шығуы байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертіп отыр. 

Бұған дейін Қостанай қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, бірнеше адам өлімнен аман қалған болатын.