14.09.2025
12:01
457
Құтқарушылар өрт сөндіру роботын пайдалануды үйренді

Құтқарушылар өрт сөндіру роботын пайдалануды үйренді

Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар жаңа буын техникасын — өрт сөндіру роботын пайдалануды үйренді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл сабақтарда ерекше техника — өрт сөндіруге арналған робот-құтқарушыны пайдалану үйретілді.

Оқу-жаттығу барысында мамандар роботтың нақты қалай жұмыс істейтінін көрсетіп, оның мүмкіндіктері мен басқару қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қашықтықтан басқару пультінен лафеттік оқпан арқылы су беруді көрсетуге ерекше назар аударылды.