29.03.2025
06:25
1580
Құтқарушылар балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алу бойынша үндеу жасады

Құтқарушылар балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алу бойынша үндеу жасады

Елордалық ТЖД мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек, - дейді елордалық құтқарушылар.

Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:

- үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп болмақ;

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;

- терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;

- баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;

- бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.