07.09.2025
04:30
412
Құтқарушылар Ақбұлақта жарақат алған туристі эвакуациялады

Құтқарушылар Ақбұлақта жарақат алған туристі эвакуациялады

Алматыда құтқарушылар Ақбұлақ маңында аяғынан жарақат алған турист қызды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Анықталған дерек бойынша, жас турист Көк Жайлау платосы бағытында жүрген кезде аяғынан жарақат алған.

Оқиға орнына кезекші құтқару жасағы шұғыл түрде жіберілді. Құтқарушылар зардап шеккен қызға алғашқы көмек көрсетіп, оны төменге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккен турист дер кезінде эвакуацияланды.