18.12.2024
23:32
1324
Құтқарушылар 89 жастағы қарт әжейге көмектесті

Құтқарушылар 89 жастағы қарт әжейге көмектесті

Қызылордалық құтқарушылар қарт әжейге көмекке келді. 1935 жылы туған зейнеткер пәтер есігін ашамын деп құлап түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кірген. Еденде жатқан зейнеткерге алғашқы көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырылды.

Бас құтқарушы Абай Кенестің айтуынша, 9 жылдық еңбек өтілінің ішінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдырмаға кеңес береді.