29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шықты. Қиын әрі қолжетімсіз Бутаков шатқалы арқылы өтіп, құтқарушылар жаяу жүріп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілді.
Туристер маршрут бойынан табылды. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсіре бастады.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде бала сәтті эвакуацияланып, таудың етегіне жеткізілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек