Республика күні қарсаңында елорда көшелерінде «Астана Жастары» еріктілері ерекше акция ұйымдастырып, Отанға деген сүйіспеншілігін құшақпен білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер қала көшелеріне «Әр құшақта - Отанға деген махаббат» деген жазуы бар тақтайшамен шықты. Астана тұрғындары ерекше акцияны жылы қабылдап, құшақтасып, қуанышын білдірді.
Осылайша, еріктілер Отанға деген сүйіспеншілігін, жылулық пен патриотизмді білдірді.
Айта кетейік, іс-шара қарсаңында белсенділер «Мейірімді қала» акциясы аясында челлендж өткізіп, шоколад таратқан болатын.
Осындай іс-шаралар арқылы еріктілер тұрғындарды игі істер жасауға шақырады.