23.02.2023
17:06
1584
Құсбегіліктен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Құсбегіліктен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"24-26 ақпан аралығында Атырау қаласында еліміздің дәстүрлі, төл спорты құсбегіліктен ересектер арасында XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысады", - делінген Республикалық құсбегілік федерациясының мәліметінде.