31.07.2023
00:20
1303
Құрықта жоғалған азамат әлі іздестіріліп жатыр

Құрықта жоғалған азамат әлі іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысындағы іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да бар, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ таратқан мәлімет бойынша, іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралық қамтылуда. Оған барлығы 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Олардың ішінде 1 тікұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көлік бар.

Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін  Маңғыстауда жоғалған ер адамды алпысқа жуық тұрғын іздестіріп жатқаны туралы жазған болатынбыз.