Құрық теңіз порты 1,8 млн тоннадан астам жүк өңдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 10 айында Құрық теңіз порты арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннадан асты.
Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 15% жоғары. Оның ішінде 1,2 млн тоннадан астамы портқа темір жол көлігімен жеткізілді.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 17% құрады.
Порт 600-ге жуық паромды, 16,5 мыңнан астам вагонды, 23,6-дан астам жүк және жеңіл автокөлік құралдарын өңдеді.
Құрық порты арқылы мұнай өнімдері, химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар және т.б. тасымалданады. Импортты азық-түлік, өндірістік жабдықтар, құрылыс материалдары және басқа да жүктер құрайды.
Порт арқылы транзитпен жабдық, электроника, тоқыма, химия өнеркәсібі өнімдері, металдан жасалған бұйымдар өтеді.