«Құрметті Тоқаев құда, Ғиният құдағи»: ДДСҰ басшысы баяндамасын қазақша бастады

23 Қазан 2023, 17:20 3840

Астанада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда баяндама жасаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанның денсаулық сақтау саласына жоғары баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол баяндамасын қазақ тілінде бастады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен үшін Қазақстанға оралу зор мәртебе. Қазақстанды өзімнің елім деп санаймын, – деді ол.

ДДСҰ басшысы Қазақстан денсаулық сақтау саласының сапа жағынан Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда жоғарылағанын атап өтті.

Он жылдағы нәтижелер іс жүзінде екі есеге өсті. Сондай-ақ Қазақстан қысқа мерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы тұрғысынан ең жақсы көрсеткіштерге жетті, – деді Тедрос Гебрейесус.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: