06.07.2024
23:10
10231
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

Гауһар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін 6 шілдеде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов консерватория ұжымына жаңа тағайындалған басшыны таныстырды.

Гауһар Тасбергенова осы жоғары оқу орнының түлегі. Ол 9 шілдеден бастап ректор қызметіне кіріседі. Ұжым қызметкерлері басшылық қызметке тағайындалған әріптесін жылы қабылдап құттықтады.