21.08.2023
04:28
1915
Құрғақшылық қаупі: Ыстамбұл мэрі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды

Құрғақшылық қаупі: Ыстамбұл мэрі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды

Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қала тұрғындарын құрғақшылық қаупіне байланысты суды үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол өзінің Х әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында осылай үндеу жасады.

Барлық азаматымызды суды барынша ұқыпты және үнемді пайдалануға шақырамын. Біздің қала мен елге құрғақшылық қаупі төніп тұр, - делінген жазбада.

Синоптиктер болжамынша, келесі аптада Ыстамбұлда жауын-шашын күтілмейді, ал ауа температурасы 34 градус ыстық болады.