11.05.2025
15:42
1330
Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі?

Құрбан айтта қанша күн демалыс беріледі?

Биыл маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусым жұмаға сәйкес келеді. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

2025 жылғы маусымда қалай демаламыз:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

6 маусым – демалыс,
7 маусым – жұмыс күні,
8 маусым – демалыс.