Құрбан айт күндері Астанада қоғамдық көліктер тегін болады

10 Маусым, 18:35 492

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен, алдағы Құрбан айт мерекесінде елорданың қоғамдық көлігінде (қалалық және қала маңы бағдарлары) жол жүру тегін ұйымдастырылады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық көлік жұмысы сағат 06:00 басталады. Түнгі № 201, 202, 203 бағдарларында да маусымның 15-нен 16-сына қараған түні жол жүру тегін болады.Түнгі бағдарлардың қозғалысын «Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: