"Құранды өртегендерге жауап": Швецияда Тора мен Інжіл өртеледі

15 Шілде 2023, 23:09 1422

Швецияда еврейлер үшін қасиетті саналатын Тора мен христиандардың Інжіл кітаптары өртелетін болды. Жергілікті полиция іс-шараны өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Израиль билігі жоспарланған мұны дінге қарсы жасалған әрекет және алауыздықты тудыруға себеп деп санайды.

Оқи отырыңыз:

Израиль еврей халқы үшін қасиетті саналатын кітапты өртеу туралы шешімді бассыздық деп санайды, - деп жазды Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Ал қасиетті кітаптарды өртеу туралы өтініш берген адам өзінің бұл әрекетін өткен айда Стокгольмдегі мешіт алдында Құранды өртегендерге жауап деп түсіндірді.

Перизат Саденова
Бөлісу: