Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі болған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға үш объектіні мемлекет меншігіне қайтармақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сатудың заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қоюларға бастамашылық жасады.
Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі Алматыдағы мектеп мемлекетке қайтарылды.