Құны 218 млн теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

29 Қыркүйек 2023, 10:34 1019

Мемлекетке құны 218 млн теңге тұратын жер телімдері қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы прокуратурасының мәліметінше, жер қатынастары саласында жасалған талдаулар нәтижесінде 14 ұсыну, 1 наразылық енгізілген. Тәртіптік жауаптылыққа 37 тұлға тартылып, 270 үлескердің құқығы қорғалып, 49 акт заңға сәйкестендірілді. Жерді сатып алу шарттары бойынша жер иеленушілердің төлемеген 25 млн теңгесі бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар кадастрлық құны 218 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Атап айтқанда, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бірлескен жобамен құрылып, жүзеге асырылмаған инвестициялық жоба бойынша құны 115 млн теңге құрайтын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сол сияқты Сырдария ауданы прокуратурасы заңсыз табысталған кәсіпкерлік мақсаттағы кадастрлық құны 21,8 млн теңге 6 гектар жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Одан бөлек, прокуратура органдары пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және шаралар қабылдау жөнінде уәкілетті органдардың жұмысын бақылауға алды.

Жер кодексіне сәйкес пайдаланылмайтын жерлерді анықтау қала, аудан әкімдіктерінің жер саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатады. Бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізілмеуіне байланысты прокуратураның бастамасымен 602,3 гектар 360 игерілмеген кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері анықталды. Нәтижесінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізіліп, бүгінге 150 жер учаскесіне қатысты нұсқама беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару бағытында шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жерлердің игерілу жағдайына аса назар аударылды. Бұл бағытта облыстың прокуратура органдары жергілікті әкімдіктермен бірлесіп пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топтарын құрды. Облыс бойынша елді мекеннің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері облыстың прокуратура органдары 138 мың гектар 133 жайылымдық жер учаскесінің игерілмегенін анықтап, қадағалау актілерін енгізді. Кадастрлық құны 80 млн теңге болатын 41 мың гектар 54 жер учаскесі қайтарылды.

Оның ішінде:

Мысалы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық округінде 2001 жылдың 13 сәуірінде табысталған ауылшаруашылығы мақсатындағы кадастрлық құны 1,4 млн теңге 161 гекатр жер учаскесінің 22 жыл бойы пайдаланылмағаны анықталып, мемлекетке қайтарылды.

Сол сияқты жергілікті атқарушы органдармен жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі дұрыс айқындалмағаны анықталды. Прокуратураның бастамасымен әкімдіктер жайылымдық жерлерге түгендеу жүргізіп, нәтижесінде жайылым жетіспеушілігі 1,4 млн гектардан 530 мың гектарға, яғни 63% азайды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: