Құмар ойындардың жарнамасынан құтылған дұрыс па?

Равиль Ашығали

Мәжілістің жалпы отырысында  ойын бизнесін, лудоманиямен күресті реттеуге арналған заң жобасы қабылданды. Яғни, букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендерді ғимараттардың, құрылыстардың және көліктердің сыртында жарнамалауға, сондай-ақ БАҚ, кино, видео және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады. Бұл заңға байланысты Астана тұрғындары не ойлайды? El.kz ақпарат агенттігі қала халқынан блиц-сауалнама жүргізді.