Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

20 Мамыр, 10:01 806

Төтенше жағдай басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті.

Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келуде" деді спикер Жанаргүл Шарғабаева.

Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: