29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚұлсарыда жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт пен жарылыстан зардап шеккен 6 адам амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов және ТЖД өкілдері Құлсарыдағы жанар-жағармай құю бекетінде болған өрттен зардап шеккендердің жағдайын білді.
Оқиғадан жалпы саны 16 адам зардап шекті. 31 мамырдағы жағдай бойынша 5 азамат аудандық ауруханада жатыр. Алты адам амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Сонымен қатар үш науқас облыстық ауруханаға ауыстырылды.
Ауруханадағы медициналық көмек көрсетіліп жатқан пациенттердің жасы —25-75 аралығында. Олардың күйік шалу көрсеткіші 5-22 пайыз арасында. Пациенттердің жағдайы —тұрақты. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ,- деді Жылыой аудандық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.
Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен 30 мамыр күні Атырау қаласынан Құлсарыға 4 дәрігер жіберілді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің болжамынша, жарылыс газ таситын жүк көлігінен резервуарға автогаз құйылып жатқан уақытта болған. Салдарынан екі ғимарат өртенді. Қызыл жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыды.
Қазіргі уақытта өрттің себебін анықтау мақсатында департаменттен үш, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен тағы үш маман оқиға болған жерде жұмыс істеуде, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нариман Өтешов.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 81 адам, 17 техника жұмылдырылды. 21:47 -де өрт толығымен сөндірілді.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және жергілікті атқарушы орган өкілдері өрт салдарынан қайтыс болған 2 азаматтың үйіне барып,туған-туыстарына көңіл айтты. Жылыой әкімдігі тарапынан аталған жанұяға қажетті көмек көрсетіледі.
Еске салсақ, 30 мамырда Құлсарыдағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетінде өрт пен жарылыс болған еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек