29.04.2024
08:19
1074
Құлсарыда су сору жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Құлсарыда су сору жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Жамбылдық құтқарушылар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.

Еске сала кетейік, су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйлерден су сору жұмыстарын жүргізді.