Құлсарыда су сору жұмыстары кезінде 23 жастағы құтқарушы қаза тапты

30 Мамыр, 09:40 1592

29 мамырда Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Рақым Бейбарыс Жалғасбайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында бақилық болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет екен. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: