Құлсарыда 80 үйдің іргетасы қаланған

7 Шілде, 11:21 654

Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйдің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысты 2024 жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

– 100 үй салу;

– 1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;

– 1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: