Құлсары тұрғындарының «Сергекке» түскен айыппұлдары кешіріледі – депутат

16 Сәуір, 15:07 713

Су басқан Атырау облысынан оралған Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай зардап шеккен халықтың өтініші орындалғанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің айтуынша, халықпен кездесу кезінде тұрғындар «Сергектен» айыппұлдар келіп жатқанын айтып шағымданған. Қауіп төнгенде алды-артына қарамай, адамдарды эвакуациялауға көмектескен тұрғындар да жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл арқалаған. Тұрғындар депутаттарға сол айыппұлдар кешірілсе деген өтінішін жеткізіпті.

1 сәуірден бастан Құлсары бойынша «Сергекке» түскен айыппұлдардың барлығы кешіріледі. Атыраумен сөйлестік, деректер базасын тазартып жатыр. Одан бөлек те арыз-шағымдарыңызды Мәжілістің жалпы отырысында айтамыз, - деді Толықбай.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: