Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды

17 Сәуір, 11:00 511

Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты Құлсары қаласынан Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарына 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адамдар уақытша орналастыру пункттеріне, туыстары мен еріктілер үйлеріне орналастырылды.

Үкіметтің тапсырмасымен ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті материалдық құндылықтар қорынан эвакуацияланған халық үшін азық-түлік, төсек-орын жабдықтар және т.б. материалдық құндылықтарды броньдалып берілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: