01.05.2024
22:18
1326
Құлсары қаласында көшелерді санитарлық тазарту басталды

Құлсары қаласында көшелерді санитарлық тазарту басталды

Атырау облысының Жылыой ауданының орталығында санитарлық тазарту басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылыой ауданының Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда: соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды. Бүгінгі таңда 2564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.

Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2716 өтініш қабылдап, 600-ден астам үйге техникалық тексеру жүргізді. Сондай-ақ Құлсарының 3600 тұрғыны 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық төлем алды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. Су кеткен аумақта дезинфекциялық жұмыстар, сондай-ақ қаланы санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Соңғы тәулікте 975 тонна қоқыс шығарылды, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары 100% аяқталды, Атырау қаласында жалғасуда.