19.04.2024
21:05
925
Құлсары қаласында 15 мың текше метр су сорылды

Құлсары қаласында 15 мың текше метр су сорылды

Атырау облысының Құлсары қаласында су сору жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен көшпелі сорғы станциялары броньнан шығарылды, олар секундына 500 текше метр су соруға мүмкіндік береді.  

Қазіргі уақытта Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2 көшпелі сорғы станциясы жұмылдырылды. Өткен тәулікте олардың көмегімен 15 мың текше метр су сорылды, - делінген мәліметте.