Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды

6 Сәуір, 10:00 777

Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. 

Құлсары қаласынан 12 мыңнан астам адам қауіпсіз орынға көшірілді. Эвакуацияланған адамдардың 5 мыңы – балалар. Тұрғындар Атырау қаласына, Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз кен орнындағы вахталық қалашыққа және Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына эвакуацияланды», - деп хабарлады облыстық штабтан.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: