07.06.2024
21:44
967
Құлсары көшелерінен 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды

Құлсары көшелерінен 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды

Жылыой ауданында тасқын судың салдарын жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

«Жылыой Тазалык» ЖШС-нің директоры Бауыржан Абрахмановтың айтуынша, қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорынның қызметкерлері Құлсарының кезінде су басқан көшелерінен тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жалғастырып жатыр.

Бұл жұмыстарға кәсіпорынның 50 жұмысшысы, сондай-ақ, 20 дана арнайы техника (5 жүк тиеуші, 15 өзі төгетіңн машина) тартылып отыр. Қазір авариялық үйлерді бұзу және жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан қоқыстарды шығару жалғасады,-деді Бауыржан Абдрахманов.

Еске сала кетейік, бүгінде жергілікті тұрғындардың 200 жуық үйлерін бұзу жұмыстары жүргізілуде.