«Құлақтан кіріп бойды алар»: Астанада Абай оқулары іс-шарасы өтеді

3 Тамыз 2023, 23:25 1662

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыруымен №5 балалар кітапханасында «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқулары өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Абай оқулары 2023 жылдың 10 тамызы күні өтеді. Іс-шараның мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебитіне, мәдениетіне деген оқырманның ықыласын арттыру, Абай тұлғасының, ұлтжанды, азамат, ақын, ойшыл ретіндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу барысында қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, «Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылады.

Кітапхана түні бағдарламасында: «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай оқуларынан бөлек, «Абай Құнанбайұлының қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» көрмесі мен дәрісі өтеді.

Іс-шара бағдарламасы ауқымды, әрі қызықты да танымды түрде өтеді. Оған кітапханашалар, кітапхана оқырмандары, қонақтар, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені мамандары қатысады.

Перизат Саденова
Бөлісу: