Құдайдан күні-түні кешірім сұраймын - Қуандық Бишімбаев

3 Мамыр, 17:18 17683

Сот жарыссөзінде айыпталушы Қуандық Бишімбаев сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзіммен еш мақтана алмаймын. 23 жасымда 2 жасар қызымнан айырылып қалғанмын. Барлығынан кешірім сұраймын. Салтанаттың отбасынан, бауырларынан кешірім сұраймын. Құдайдан күні-түні кешірім сұраймын. Бәрі айтылған деректердегідей емес. Тергеу кезінде менен неге кетіп қалмағанымды сұрады. Құрметті сот, құрметті алқабилер алқасы! Мен ешқандай да қасақана кісі өлтірмедім, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Айыпталушы сөзін қағаздан оқып жатыр. 8-9 қараша күнгі оқиғалар мен Салтанаттың ұмытшақтығы туралы атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: