Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов алдағы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
23 қазанда «Найман» Дубайдағы (БАӘ) ACA 194 турнирінде ресейлік Анатолий Бойкомен өзара кім мықтыны анықтайды.
Хамитов өзінің Instagram-дағы парақшасында айқас туралы:
Дубай, 23 қазан. Қуат Хамитов (29-8-2) vs. Анатолий Бойко (12-4), - деп жазды.
Негізі Хамитов пен Бойко кездесуі 14 қыркүйекте Алматыда өтуі керек болатын, алайда қазақстандық спортшының жарақатына байланысты уақыты өзгерді.
Қуат Хамитов әзірге соңғы айқасын 2024 жылғы қыркүйекте өткізіп, ММА-дегі әріптесі Нұрберген Шәріповті кәсіпқой бокс ережелерімен ұтты.