Қуат Хамитов қандай әйелге күйеуі қол көтермейтінін айтты

23 Маусым, 13:19 967

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қыздарға ақыл айтып, қандай әйелді күйеуі ұрмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы TikTok желісіндегі тікелей эфирде әйел күйеуіне қызмет етіп, құдайындай сыйлауы керек дегенді алға тартты.

Болашақта қызыма барынша жақсы тәрбие беремін. Мен оған: «Егер сенде Алладан басқа біреуге табынуға рұқсат етілсе, ол күйеуің болуы керек! Егер сен жұмаққа кіргің келсе, алдымен күйеуіңе қызмет ет, сен үшін күйеуің – барың» деп ақыл айтамын. Күйеу – сенің екінші Құдайың, - дейді аралас жекпе-жек шебері.

Сонымен қатар ол күйеуін патшасында күтіп отыратын әйелге ешбір ер адам қол көтермейтінін қоса кетті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: