20.05.2023
03:34
1165
Қуат Хамитов HFC турнирінде жеңіске жетті

Қуат Хамитов HFC турнирінде жеңіске жетті

Алматыда «Алматы Аренада» өткен Қазақстандағы Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының бірінші стадиондық турнирінің алтыншы ойыны отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов (23-8) мен ресейлік Залимхан «Сабмишн Кинг» Юсупов (19-13) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа да созылып, бірауыздан қабылданған шешіммен Қуат Хамитов жеңіске жетті.

Hardcore FC MMA турнирі «Алматы Аренада» сағат 19:00-де басталған болатын.