13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанның қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлеріне қол жинап, шөп жіберген Құрмет Талапқазы "Assyltas TV" каналына берген сұхбатында не үшін ел берген үйді сатып жібергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам белсендісі Құрмет Талапқазы 2021 жылы қуаңшылық кезінде Батыс өңіріне вагон-вагон шөп жіберіп, көпшіліктің төрт түлігін ашаршылықтан аман алып қалуға септігін тигізді. Оның еңбегін елеп, Мақсат Толықбай халыққа үндеу жасау арқылы жылу жинап, ал жарты бөлігін Дулат Тастекей басшылық еткен "Асылтас" қоры қосып, оған Шымкенттен үш бөлмелі үй сыйлады.
Алайда Құрмет Талапқазы бұл үйді сатып жібергенін айтты.
Бұрын да сұхбаттарымда айтқанмын, ол кісілерге Алла разы болсын, рахмет! Бірақ сол кезде де "ешқандай мұндай нәрсе керек емес" деп айтқанмын. Көше сыпырып, далада қалсам да, қабірлер - менің үйім. Былтыр ол үйді жалға беріп, одан кейін сатып жібердім. Жартысын ауылға жібердім, олар (ата-анасы) ота жасатыпты. Содан кейін осы жақта да біраз адамдар көмек сұраған соң оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадым. Арғы бетке (Қытай) де бару керек кездер болды, бір жағдайлар болып қарыз алғанмын. Өзіме де жараттым, елдің бергенін елге қайтарғандай да болдым, - деді ол.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды