Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы қорғаушыларын сынаған адвокаттардың үстінен сотқа арыз берген. Бұл туралы адвакат Джохар Утебеков, Анна Чернова өздерінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Утебеков өзінің үстінен жазылған арыздың мәтінін жариялады.
Бишімбаевтың анасы менің үстімнен арыз жазды! Адвокаттарының сұрақтарына сын айтқаным үшін. Ол сұрақтарды бүкіл ел сынап жатыр! Ол сұрақтар заң мен моральдан тыс, – делінген жазбада.
Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова Утебековтің үстінен өзінің адвокаттарын сынаған жазбалар жарияланғаны және жазбалардың астында жазылған пікірлерді қадағаламағаны үшін шағымданған. Сонымен қатар ол Утебековті «соттың әрекетін сынады» деп айыптайды.
Cондай-ақ өзіне шағым келіп түскені туралы адвокат Анна Чернова да әлеуметтік желіде жазды.
Менің үстімнен шағым келіп түсті. Ол арызда менің тағы екі заңгер әріптесім бар. Бұл жолы менің жазғаным Бишімбаевтың қорғау тарапына ауыр тисе керек. Анасы жазғанымен, артында маған ренжіген басқа біреу тұрған сияқты. Өзінің процессуалдық әлсіздігін сезінетін адам болса керек. Олардың атына келіп жатқан құрметсіздік, қорлау, жек көру мен қарғыстың бәрі менен емес. Бүкіл ел алдымен Ерғалиевамен масқара сұхбатын көрді, енді оны істің нақты жағдайларымен салыстырады. Біз оларды сол жерде тілінен тартқан жоқпыз, солай ма? Процестің бәрін тікелей эфирден көріп отырмыз, – деп жазды Анна Чернова әлеуметтік желіде.