Қуандық Бишімбаев ай сайын шотына қанша ақша түскенін айтты

5 Сәуір, 11:30 16317

Астанада бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Күдікті ай сайын қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктінің адвокаттары Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкеноваға ай сайын 4-5 млн теңгеден аударып отырғанын мәлім еткен еді. Сот отырысында жәбірленуші тарап Қуандық Бишімбаевтан ай сайынғы табыс мөлшерін сұрады.

Ресми тіркелген жерімнен – айына 1 миллион теңге алдым. Ал мейрамхананың кірісіне байланысты табысым 8-ден 15 миллион теңгеге дейін болды, - деп жауап берді Бишімбаев.

Бишімбаев "БАУ" мейрамханасын басқаратынын және оған иелік ететінін түсіндірді. Ал Гастроцентр акцияларының бірі Бишімбаевтың анасына тиесілі.

Қылмыс Бишімбаевтың мейрамханасында болды деп айтуға бола ма деген сұраққа сотталушы: "Иә, барлық жерде осылай жазып жатыр", - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгінге дейін сот отырысында кісі өлімі болған күнгі оқиғалар айтылды.  Айыпталушы әйелі жан тапсырғанға дейін жедел-жәрдем шақырмай, көріпкелдің айтқанына сенгенін мойындады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: