«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қайрат – Байсерке аралығындағы қайғылы оқиға қалай болғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Компания мәліметінше, 7 мамырда сағат 20.52 – де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның теміржолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданған.
Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде. "ҚТЖ" ҰК" АҚ пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейтінін еске салады,-делінген компания мәліметінде.