ҚТЖ қызметкерлері кәсіпкерден теміржол салып беруді талап еткен

1 Желтоқсан 2023, 19:20 795

Павлодар көлік прокуратурасы 7 ай бойы заңды жауап ала алмаған отандық инвестордың құқығын қорғады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер Екібастұз қаласында 2021-2025 ж.ж. арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 млрд теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған. Кәсіпкерге жобаларды одан әрі толыққанды дамыту үшін  кірме жол қажет болды.  

Алайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвесторға оның құрылысына рұқсатты келісуден бас тартқан, ал 2023 жылдың қазанында шағын бизнеске өз қаражаты есебінен ұлттық тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген.

Айта кету керек, осыдан бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұқсас жағдайда осы өңірдегі 3 кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттардың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірген. Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған.  

Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның «ойдан шығарылған» әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды.  

Прокуратура актісі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшылығымен техникалық шарттарды алу кезінде қосарланған стандарттарға жол берген лауазымды тұлғалардың кінәлілік дәрежесі және жауапкершілік түрі қарастырылуда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: