ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады

22 Желтоқсан 2023, 22:54 1429

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед әл-Арикині қабылдады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік ынтымақтастығы мен халықаралық ұйымдар аясындағы елдеріміздің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. Барлық деңгейдегі саяси диалогтың жоғары динамикасы мен мазмұндылығын және сауда-экономикалық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуын атап өтті.

Дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28 климаттық саммитіне қатысу үшін Дубайға жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.

Берік Арманов
Бөлісу: