29.12.2022
16:01
2794
ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Қазақстанның Қорғаныс саласында бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.